Алғаш 1920 жылдың ақпанында “Кедей сөзі”, кейіннен “Бостандық туы”, “Кеңес ауылы”, “Ленин туы” деген атаулармен шығып, туған еліміз бен халқымыздың тарих-тағдырымен сабақтас жарық көріп келе жатқан облыстық “Soltüstık Qazaqstan” газеті елдің шетінде, желдің өтінде орналасқан Қызылжардағы рухани орда, қазақ тілі мен мәлениетінің жоқтаушысы. Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов, Сәбит Мұқанов сынды ардақты тұлғалар көшін сүйреген басылым бүгінде өмір ағымына ілесіп, уақыттың жүгін көтеріп, заман тынысын, дәуір болмысын шынайы суреттеп, ел-жұртының мақсат-мүддесіне қызмет етіп келеді.
pdf.soltustikkaz.kz газетіміздің электрондық PDF нұсқасын оқуға арналған сайт. PDF нұсқаны оқу үшін 6 айға немесе 1 жылға жазылымды рәсімдеу қажет.